Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуін құрдымға жібереді": Желіде мәһрге 1 келі алтын сұраған блогер сынға ұшырады

Фото: Видеодан скриншот

Желіде Ерімбетова Әсел есімді блогер келіншектің мәһрге 1000 грамм алтын сұрағаны қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Қалыңдық күйеуінің бұл суммадағы алтынды алып бере алатынына сенімді екенін жасырмады.  

"Мен Мерейден мәһр ретінде 1000 грамм алтын сұрадым. Үш бала сүйгізіп, әр қуанышты, әр сынақты бірге өткердік. Бұл – тек материалдық құндылық емес. Жолдасым алып береді деп сенемін. 9 жыл бұрын заңды неке қиған едік. Енді мұсылманша неке қиып жатырмыз. Жолдасымның осындай сыйлық жасай алатынына және мені сол сыйлыққа лайық көретініне өзім сенбесем, сұрамас едім. Ақ ниетті аппақ күйеуімнің ақшасы көп болсын, байып кетсін. Әумин. Ақша тауып жатыр ғой, қолынан келеді. Алып бере алатынына мен сенемін", –  деді ол.


  • "Құны – 4 миллион теңге": Жахан Отарғалиев әйеліне мәһр сыйлады

  • "Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті


Айта кетейік, 1000 грамм алтынның бағасы қазіргі құны бойынша шамамен 40-45 миллион. Күйеу жігіт те қыздың талабын мақұлдап, алып беретініне уәдесін берді. Желі қолданушыларының бірі жақтаса, екінші тарап шектен шыққан деп сөгіп жатыр. 

"Қыздың құны алтынмен өлшенбейді, бірақ сұрағаны шектен тыс емес пе?", "Мәһр – әйелдің құқығы. Келісіп жатса, неге болмасқа?", "Беті құран көрмеген, әкесінде жоқ дүниені сұйрайды", "Бауырым жар таңдаудан қателесіпсің, аман бол", "Жалмаңдап қалған қатын екен", "Сезімің алтынмен өлшене ме", "Берекесіз қатын болады мынау",  - деп жазып жатыр оқырмандар.

Еске салайық, Қазақстан мүфтияты "қалың мал" мен "мәһрды" ресми түрде біріктіргенін жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 12:50
Талқылау