Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуімнің жалаңаш фотоларын көрдім": Қазақстандық келіншек түн ішінде бес баласымен жалдамалы пәтерден қуылған

Түн ішінде бес баласы бар әйелді пәтерден қуып шыққан қожайынның тірлігі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Оқиғаның жай-жапсары “Дау-дамайсыз” бағдарламасында айтылды. 

“Қарасай ауданына қарайтын Шамалған ауылында тұрамыз. Өзім көпбалалы анамын. Алтыншы балама аяғым ауыр. Күйеуім – жұмыста. Бір апта бұрын түнде пәтер иесі бес баламен далаға қуып шықты. Балалардың киім-кешегі, өзіміздің жеке заттарымыз сол пәтерде қалды. Қазір бұрын араласқан, көрші болып тұрған апайдың үйіндеміз. Сол кісі бізді паналатты. Балаларымның тамағын беріп, үлкен ұлымды бокс үйірмесінен алып кетуге кеткем. Келсем, пәтерге кіре алмай қалдым. Кішкентай балаларымды үй иесі далаға сүйреп, ешқандай сырт киімін кигізбестен шығарып жіберген. Мен келгеннен кейін де бізді қондыруға рұқсат етпеді. Есікті ашпай, сырт киімдерімізді алуға да мүмкін бермеді. Бір балам үйде жалаңаш жүрген. Соны тек көрпеге орап, шығарып жіберген. Көріп отырғандарыңыздай, тыржалаңаш жүр. Көрші әпке бір бөлмелі пәтеріне алып келді. Осында тұрып жатырмыз. Төртінші күні балалар тісін жуып, киімдерін алмастырмады. Күйеуім де осы жағдай үшін жұмысқа бара алмады. Балалар сабақтан қалып отыр. Мүлдем мектептен қалмайтын. Сабақтарын жақсы оқитын. Оқу құралдары түгел пәтерде қалды. Үй иесімен де әлі хабарласа алмай отырмыз. Таныс емес нөмерлерді алмайды”, – деді келіншек. 

“Бес баланы әкесіз өсіргім келмейді”

Бес баламен далада қалған отбасының отанасы Назерке тағы бір мәселенің шетін шығарды. Сөзінше, пәтер иесі мен күйеуі жақын қарым-қатынаста болған көрінеді. Ашуға мінген қожайын келіншек күйеуінен кек алу үшін осындай әрекеткен барған. 

“Менің телефонымды қолымнан тартып алды. Өйткені ол жақта күйеуім екеуінің жалаңаш фотолары бар еді. Соны көрмесін немесе таратып жібермесін деп телефоныма жабысты. Бес бала тұрғанда күйеуімнен кете алмаймын. Тағы да босанайын деп отырмын. Өзім 7-сынып оқитын кезде әкемнен айырылдым. Анама қандай қиын болғанын білемін. Үнемі кешіріп, көз жұмуға тура келді. Даудың басы да сол телефон үшін басталды. Күйеуіме қой деп те айттым. Екеуі қосылып, жақын қатынасқа түседі деп ойламадым. Ол кісінің мінезі жақсы. Балаларына жақсы қарайды. Айтқанының бәрін істейді”, – деді көпбалалы ана. 

“Күйеуі есігімді қағып, мазамды алды”

Бір ауладағы 10 пәтерін жалға беріп отырған Салтанат есімді келіншек осы оқиғадан кейін ізін суытқан. Құзіретті органдардың да, әкімнің де телефонын алмайтын көрінеді. Алайда бір танысы оның қаладағы массаж орталығында жұмыс істейтінін айтып қойды. 

“Адам аласы ішінде деген рас екен. Ішіп тұрғасын телефонын алдым. Ержанға (ред – Назеркенің жолдасы) жалпылдап, соның ғана сызғанымен өмір сүрдім. Ол өзі менің есігімді қағып, мазамды ала берді. Жүйкем тозып кетті. Мен қарсы болсам, “Сен жаман деп айтамын, жұртқа масқараңды шығарамын” деп қорқытты. Ұлымды ойладым. Ол мен уысына алдап түсірді. Ержанды қаматпай, тыныштық таппаймын”, – деді пәтер иесі. 

Бағдарлама соңында, дауға айналған көпбалалы келіншектің мәселесі шешіліп, Шамалған ауылының басқа жерінен жайлы пәтер табылды. Балалар да мектептеріне барды. Көпбалалы отбасының ендігі өмірі жергілікті биліктің назарында болмақ. Пәтер иесі заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын жеткізді. 

Талқылау