Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуіме екінші әйел алуға рұқсат бердім": Жұлдызай Дүйсенбиева екінші рет ана атануға қатысты пікір білдірді

Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева екінші рет ана атануға қатысты ойын айтып, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Актриса бірінші жүктілігінің ауыр өткенін айтып, екінші мәрте ана атануға жүрексінетінін жасырмады. 

“Баланың көп болғаны жақсы ғой. Бірақ қызымды да қайта-қайта сенбей, көтеріп, дүниеге әкелдім. Екінші бала дүниеге келмеу деген нәрсе бізде қозғалды. "Екінші бала керек" деген кез келген отбасыда болады. Бірақ бұл жеке менің отбасымда емес, жан-жағымызда болды. Бұл кезде де менің ойым ғой. Бірінші бала болмайды деген кезде де мен "ажырасайық" дегенмін. Осы жолы да эмоцияға беріліп жазылған нәрсе еді. Бірақ ажырасқан жоқпыз. Қызымды жақсы әкеден айырғым келмейді. Өзім де мұндай жақсы жардан айырылғым келмейді. "Ұрпақсыз жүре бересің ба" деп арамызға іріткі салатындар көп", – деді актриса.”



Сондай-ақ актриса күйеуіне екінші әйел алуына рұқсат бергенін айтып, халық арасында тараған қауесетке жауап берді. 

“Жолдасым екеуміз арамызда бала мәселесі болғандықтан, екінші әйел алуға рұқсат бердім. Егер ұрпақсыз қалып бара жатырмын, екінші әйел аламын десең, мен қарсы емеспін" дедім. Бірақ жолдасым "қой, айналайын" деді. "Керек болса, мен өзім жасаймын, мен айтпасам, демек ол нәрсенің маған керегі жоқ, сен мен үшін шешпе, шешім қабылдама" деді. Сондықтан біз бұл әңгімені қозғамаймыз", – деді әзілкеш.

Айта кетейік, Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуінің сөзі бедеуліктен емдегенін жазған едік. 

Талқылау