Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуіме бас иемін": Тамара Асар туған күнін дүркіретіп тойлады

Танымал әнші Тамара Асар жаңа жасын жақындарымен қарсы алып, су жаңа мейрамханада тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Өнер иесі туған күнін тойламағанымен жақындары тосынсый жасаған. 

“Алматы арнасында “Шырқа, Қазақстан” жобасы басталды. Мен таңның атысынан кеш батқанша түсірілімде жүрмін. Бапасы екеуміз осы жолғы туған күнімді кезекті түсірілімнен кейін балаларымызбен өзіміз кешкі асқа бара саламыз деп жоспарладық. Сөйтсем бапасы продюсерім екеуі керемет жоспар құрып, маған тосынсый жасады. Мен күтпеген жерден көптен көрмеген құрбыларым, жақындарым Ақтаудан, Астанадан ұшып келген.
Көктөбедегі су жаңа мейрамхана, айлы кеш, Алматы алақаныңда, жақындар жанымда. Мен үшін үлкен мереке осы болды. Бір күн қалғанда жіберілген шақыртуды бірден қабыл алып, жанұшырып, құттықтап келген құрметтеген жүректеріңізден айналдым. Көп рақмет! Мені осындай қуанышқа бөлеген күйеуіме бас идім. Сол кешке барын салып ұйымдастырған Жан бауырыма, Жұлдызай көмекшіме балаларыма алғыс айтамын! Оқырмандарым менің! Осы парақшаға жіберілген барлық құттықтауға рақмет”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, әнші екінші рет тұрмыс құрып, Ажарлым есімді қызды дүниеге әкелген еді. 

“Жолдасым – үйінің тұңғышы. Үйленетін кезде жолдасымнан “ата-бабаңнан не қалды?” деп сұрадым. “Әкемнің аты жазылған кілем, балға мен балта, сосын анамнан қара қазан қалды” деді. “Қазан қарындасымның үйінде” деді. Жолдасым әулеттің үлкені болғандықтан, бүкіл құнды дүниелерді алдырдым. Қарындасының үйінен қазан да келді. Жақсылап жуып-тазалап, қолдануға болатын түрге келтірдім. Қазір тамақ істеуге қолданамын. Одан кейін 1829 жылы шойын болаттан құйылған үлкен қазан бар екенін айтты. Оны да алдыртып, биыл наурыз көже астық. Сенесіз бе, сол қазанға 5-6 жылдан соң 200 жыл толады. Үйде көп болмай, ән сапарға кеткенде “қазандарым орнында тұр ма?” деп сұрап қоямын”, – дейді әнші. 

 

Талқылау