Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі опасыздық жасаған КешYou-дің экс-әншісі үшінші баласынан айырылып қалған

Некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлап, күйеуінің опасыздығын әшкере еткен Элизат Берікова үшінші баласынан айырылып қалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Элизат Берікова күйеуі Жәнібекпен 10 жыл бірге болған. Элизат сахнада жүрген шақта үйленуді кейінге шегеріп келген жұп 7 жыл қыз-жігіт болып жүрген. Ал үш жылдық некеде екі баланы дүниеге әкелген. 

Екі жылда 4 операцияға түсіп қалдым деген Элизат бұл аралықта үшінші сәбиінен айырылып қалғанын растады. 

Одан бөлек, Берікова опасыздыққа баратын еркектердің проблемасы жайлы сыр бөлісті.

"Мәселе, сырт келбетте емес, қыздар. Әйелде де емес. Көзге шөп салған адамның өзіне байланысты. Демек, оның проблемасы бар.

Негізі жігіттер бізді емес, біз оларды таңдаймыз. Біз өзіміз оларға шанс береміз. Егер үзілді-кесілді қарсы болсаң, басқасын тауып, соның артынан жүгіріп кете береді. 

Жүр ғой неше түрлі отбасылы азаматтар, бір қызды жібермейді. Пысық қыз шықса, 5 секундта тартып алады. Еркектер бала сияқты. Сондықтан өзің әрекет етуің керек", – деп қыздарға деген кеңесімен де бөлісті Берікова. 



Элизат бүгінде сұлулық салонының иесі, екі ұлдың анасы. Болашақта егіз қыз тууды армандайды. 

"Үлкен аппақ үйім бар. 4 балам бар: 2 ұл, егіз қыз. Бәрі өсіп кеткен. Батырхан – ұшқыш, Рамазан – елші. 2 қыз өз сән үйінде әдемі көйлектер тігеді. 

Қыздарым тігіп берген әдемі көйлекті киіп, Батырханға барамын. Ол ұшақпен ұшырып, Рамазанға алып барады. Рамазан елші ғой, басқа мемлекетте тұрады. Солай қызықтарына тоймай, орталарында жүргім келеді. Осының бәріне жету үшін Аллам маған ақыл берсін. Ақылмен бәрін жеңуге болады", – деп өмірдегі арманымен бөлісті Берікова. 

Айта кетейік, Элизат Берікова некесінің сәтсіз болғанын айтты. Ол күйеуінің опасыздығы жайлы көпшілікпен сыр бөлісті.

Талқылау