Жел соғып, үсік шалады: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінен басқа аймақтарда ауа райы тұрақты болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидромет мамандарының болжамынша, аптаның соңына дейін кең антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамтиды. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Сол себептен жаңбыр, найзағай болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. 19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік шалатыны болжанып отыр.
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған