Күрестен үш дүркін олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев 49 жасында көз жұмды
Еркін күрестен үш дүркін олимпиада чемпионы, дағыстандық еркін күрес шебері Бувайсар Сайтиев 49 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Александр Натрускин
Ресейлік спортшы Мәскеудегі ауруханалардың біріне тамақтан уланып түскен. Бувайсардың жағдайы нашарлағанын өз үйінің алдында аула қызметкері байқап, консьерж балуанға жедел жәрдем шақырған. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін Сайтиев жүрек талмасынан ауруханада көз жұмды.
Бувайсар Сайтиев – үш дүркін олимпиада ойындарының жеңімпазы. Әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатын 6 рет ұтқан. 2004 жылы Афинада өткен олимпиада ойындарында дағыстандық балуан финалда қазақстандық Геннадий Лалиевті жеңген еді. Біріккен күрес әлемі (UWW) Сайтиевті 5 рет әлемнің ең үздік еркін күрес шебері деп таныған.
Айта кетейік, Бувайсар 1975 жылы 11 наурызда Дағыстанның Хасавюрт қаласында дүниеге келген еді.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен

