Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының жүлдеқоры 60 миллион теңге

21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстанда күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биылғы біріншіліктің ерекшелігі жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғаш рет қомақты ақшалай сыйақы тағайындалуда. Айтулы жарыстың жалпы жүлде қоры 60 миллион теңгені құрайды.
Бұл – отандық күрес тарихындағы ең қоиақты қаржылай сыйақылардың бірі.
Нақтылай кетсек, 17 жасқа дейінгі балуандар сыйақысы жеңімпаздар үшін 300 000 теңге, күміс жүлде иесіне 200 мың теңге, ал қола медальға 100 мың теңгеден берілмек. Сонымен бірге, 20 жасқа дейінгі балуандарға да сыйақы табысталады. Оның ішінде 1-орын иесіне 500 мың, екінші орынға 300 мың, ал қола жүлдегерлер 150 теңгеге иелік етпек.
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан күрес федерациясының басшысы ауысты. Даңқты балуан Дәулет Тұрлықанов басшылық қызметтен кетіп, оның орнына “Қазақ күресі” қауымдастығының бірінші вице-президенті Еркін Оқасов федерация президенті болып сайланған еді.