Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбанын ұятсыз суреттерімен бопсалаған 27 жастағы жігіт сотталмақ

27 жастағы азамат өзінің сүйіктісінің арқасында байып қалмақ болған. Ол интернетте танысқан әйелден 10 млн теңге талап еткен. Бұл соманы бермеген жағдайда ұятсыз суреттерін желіге жариялайтынын айтып қорқытқан. Мұндай оқиға бірінші рет болып жатқан жоқ екен.

original

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

32 жастағы Светлананың өмірі ойдағыдай өтіп жатады. Тұрмысқа шығып, алғашқы перзентін күтіп жүреді. Күйеуімен бір кездері достары таныстырған екен. “Жас жігітпен таныстым. Сондай білімді әрі ақылды көрінді. Көптен күткен ақбоз атты ханзадам осы деп ойладым. Артынша ол мені несие алуға мәжбүрледі. Ұятсыз суреттеріммен бопсалады”, – дейді Светлана.

Светлана бұл оқиға туралы әлі күнге дейін ұмытар емес. Себебі, әлі күнге дейін банктен алған несиені төлеп келеді. Бастапқыда құқық қорғаушы органдарға барудан қорыққан. Полицияның хабарлауынша, дәл осындай оқиға өткен жылы Шымкентте 4 рет қайталанған екен.

“Құрбан мен оны бопсалаушы әлеуметтік желі арқылы танысқан”, – дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы салтанат Қаракөзова. Бопсалаушылардың қатарында әйел адамдар да бар екен. Психолог Светлана Танайлова бопсалаушылардың құрбанды белгілі бір тәсілмен таңдайтынын айтып жатыр. Мұндай келеңсіз оқиғаға өзіне берер бағасы төмен адамдар тап болады екен.


Жіберіп алмаңыз:

Атырауда 15 жастағы оқушыны жүкті қылған еркек сотталды

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)

Талқылау