Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Купальник киіп тұр": Әлем аруы байқауына қатысқан қазақ қызының ұлттық киімі талқыға түсті

Фото: Видеодан скриншот

Miss Grand International байқауына Қазақстанның атынан қатысқан қатысушы қыздың сахнаға киіп шыққан образы жұрттың сынына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аруымыз халықаралық байқауға қатысқан. Бойжеткен ұлттық нақышта тігілген ерекше дизайндағы көйлекті киіп шықты. Алайда көпшілікті көйлектің ішіндегісі суға түскенде киетін киімге ұқсап кеткені ашуландырды. Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі қаза киімін қор қылды десе, енді бірі ерекше заманауи үлгі екенін жазды. 

“Қай бетімді ұстайын, қазақ болғаным үшін ұялып отырған мен ғана ма?!”, "Мынау не масқара? Қазақтың ұлттық киімі емес", "Ұлттық нақыштағы киімдерге тым ұят ,ия қазір замануи, бірақ дизайнер еліміздің атынан қатысқан қызға дұрыс киім таңдау керек еді", "Купальник киіп алған ба?!", "Дизайнердің етегіне бірдеңе жабыстыруға миы жетпей қалған”, “Қазақтың қызы қашан санын жалтыратып жүрді”, "Ұлттық киімді ғана емес, Қазақтың жалпы ұлттығын қорлап тұр", – деп жазды көпшілік. 


Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 15:15
Талқылау