Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ордабасы" футбол клубы 2,3 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: fcordabasy.kz

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдаланды деген күдікке ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық прокуратура клуб қызметінде қаржылық заң бұзушылықтарды анықтап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Анықталған сома 2,3 миллиард теңгеден асады.

Тексеру нәтижесінде 2023–2024 жылдар аралығында клуб 18 ойыншымен келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Тек 2023 жылдың өзінде шетелдік легионерлерге 1,9 миллиард теңге көлемінде төлем жүргізілген.

Тергеу деректері бойынша, ойыншыларға заңсыз бонустар төленген, алайда ойындар көрерменсіз – бос трибуналарда өткен. Бұл жағдай бюджет қаражатының қаншалықты тиімді әрі ашық жұмсалғанына қатысты сұрақтар туындатуда.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, тергеу аяқталған соң баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Қазіргі таңда іс бойынша барлық мән-жайлар жан-жақты зерттеліп жатыр.

Халықтың спортқа бөлінетін қаражаты стадиондарға көрермен келмей жатқан тұста мақсатсыз жұмсалуы қоғамда да, бақылаушы органдарда да алаңдаушылық тудырды. Клуб басшылығының бұл іске қатысты жауапкершілігі кейінірек нақтыланатын болады.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 15:29
Талқылау