"Күлкі ме, хайп па?": Жарнама үшін әйелді "ұрған" астаналық фитнес клубтың басы дауға қалды
Әлеуметтік желіде "Underground” фитнес клубтар желісінің әйелді ұрып, келушілер шақырған жарнамасы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Видеода ер адам қызға жұдырық жұмсайды. Жарнама бойыша бұл әрекетінің жасанды екенін айтады.
Дана есімді желі қолданушысы әйелді ұрып, жарнама жасаған "Underground” фитнес клубтар желісін сынға алды.
“Мынадай таргетке таңғалып отырмын. "Underground” фитнес клубтар желісі үшін әйелді ұрып-соғу, оған зорлық көрсету, жұдырық жұмсау – күлкі мен хайп па?” – деп жазды желі қолданушы.
Желі қолданушыларының ашуын туғызған видео тараған соң фитнес клубтар желісінің өкілі мұндай “креативі” үшін кешірім сұрады.
“Креатив үшін кешірім сұраймыз! Ескеру керек: бұл материал басқарушы компаниямен келісілген жоқ және біздің ұстанымымызға, құндылықтарымыз бен көзқарасымызға сай келмейді. Видеоны бізде сынақ кезеңінен өтіп жатқан сыртқы аутсорсинг компаниясы түсірді. Біз олармен барлық келісімді бұздық”, – деп жауап берді фитнес желісінің өкілі.
Сондай-ақ ол болған жағдайдан кейін қорытынды жасағанын айтып, бақылауды күшейтуге уәде берді.