Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күдіктілер іздестіріліп жатыр". Алматыдағы "Мята" лаунж-барында атыс болды

Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаунж-барында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2gis.kz

Мәліметтерге сенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді. 

Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес болып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге айтылған жоқ.



Еске салайық, бұған дейін 22 тамызда әлеуметтік желіде Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында "шетелдіктер арасында үлкен атыс болды" деген ақпарат тарағанын жаздық. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі шетелдіктер арасындағы атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Талқылау