Куба АҚШ-тың ықтимал әскери шабуылына дайындалып жатыр

Куба қарулы күштері АҚШ тарапы жасауы мүмкін әскери шабуылға дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Фернандес де Коссио шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әлемде болып жатқан жағдайды ескеріп, мұндай дайындық жасамау “аңғалдық болар еді”.
“Біздің қарулы күш әрдайым дайын. Қазір олар ықтимал әскери агрессияға қарсы әзірлік жүргізіп жатыр”, – деді ол.
Сонымен қатар Гавана АҚШ-пен арадағы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге үміттенетінін жеткізді.
“Мұндай жағдайдың туындауына себеп көріп отырған жоқпыз және оған ешқандай негіз жоқ”, – деді дипломат.
Еске салайық, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы 28 ақпанда басталып, үшінші аптаға созылды. Осы уақыт ішінде тараптар бір-біріне соққы жасап жатыр. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. Ал Вашингтон Иранның әскери әлеуетін жоюмен қорқытып, азаматтарды билікті құлатуға шақырды. Өз кезегінде Иран өзін қорғауға дайын екенін айтып, келіссөздерді қайта бастауға әзірге негіз көрмей отырғанын жеткізді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?