Қуаттау кезінде айфонмен сөйлескен студент ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жеткізілді
Ресей халықтар достығы университетінде білім алатын сириялық Ратеб есімді студентті телефонмен сөйлесіп тұрған кезде ток ұрған.
Бұл туралы life.ru хабарлайды.
Алдын ала деректер бойынша, телефондағы ақау салдарынан ток ұрған. Кейін смартфон жерге құлап, алдыңғы панелі сынады. Студент iPhone 5S электр көзінен қуат алу кезінде телефонмен сөйлескен.
Кенет қатты жарылыс дауысы естіліп, жігіттің ата-анасы дереу жүгіріп келеді. Бұл кезде Ратеб есінен танып қалған екен.
“Маған Ратебтің әкесі келіп көмек сұрады. Мен келгенде ол ес-түссіз жаьтты. Мен бірден жедел жәрдем шақырттым. Ратеб есін жинаған соң дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті”, – дейді зардап шегушінің туысы Шәкір.
Нәтижесінде Ратебті күйік орталығындағы жансақтау бөліміне жатқызады. Ол электрожарақат алған және денесінің көп бөлігін күйік шалыпты. Сондай-ақ, оның орталық жүйке жүйесі де зардап шеккен.
Оқи отырыңыз:
Атырауда балабақшадан қашып кеткен бүлдіршін суға кете жаздады
Алматыда есірткімен ұсталған жігіт полицейлердің өзін жауапқа тартқызбақ
Петропавлда арақпен ұсталған әріптесін қолдау үшін хирургтер жаппай жұмыстан кетпек
Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты