Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат «Найман»: Ұлтты жою үшін ол елдің әйелдерін азғындау қажет

Аралас жекпе-жек палуаны Қуат Хамитов («Найман» есімімен танымал) айналған қарагөздердің өзге ұлтқа тұрмысқа шығуы туралы пікірін білдірді.

Screenshot_31

Қытайлықтардың қазақ қыздарына үйленгісі келетінін, ол үшін қыруар қаржы төлеуге дайын екендерін естігеннен кейін өр намысты қазақ жігіттері бас көтере бастады. Бұл ретте Қуат «Найман» Хамитов те үнсіз қалмады. Ол ақша үшін жат елге тұрмысқа шығуға даяр қазақстандық қыздарды сынады. Әрі бұл үшін ер адамдардың да кінәлі екенін жеткізді.

«Ұлттың көзін жою үшін ол елдің әйелдерін азғындау қажет. Сонда олар нағыз қаһармандарды тәрбиелей алмайды.

О, менің халқым! Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша жаумен күресіп, аналарымыз ұлдарынан айырылды. Олар мұны ұрпағымыз тәні мен жанын, Отанын сатсын деп істеген жоқ. Ерлеріміз қолдарына найза ұстап, үйлерін сол үшін тастап кеткен жоқ. Бүгінгі таңда көзімізше әйелдерімізді алып кетіп бара жатқанға масқаралықпен қарап отырсын деген жоқ. Ақша үшін қарындастарымыздың жат елге кетуіне қалай жол беріп алдық? Өмірлері балдай болғандықтан бізден кетіп жатқан жоқ. Бүгінде Отанын сүйетін, балалары мен ұлдарын сүйетін жандар болса… Қолымнан бірдеңе келсе, онда бірде бір қазақтың қызы аттың басындай алтын берсе де қытайға үйленбес еді! Қабанбай бабаларымыздың заманында дүниеге келмегінім өкінішті. Әйтпесе, тіпті, біздің әйелдерімізге үйленуді ойға алғандардың басын алар едім. Ал бұл иттер кезінде кімнен қашқанын және мына ұлы қытай қақпаларын не үшін соққандарын ұмытпасын! (Мен өлсем өлейін, бірақ елімнің өлуіне жол бермеңдер), – деп жазады ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Screenshot_30

Желі қолданушалырының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Қуат “Найманмен” толықтай келісетіндерін жеткізген. Ендігілер құр сөзбен “қамалдың” алынбайтынын алға тартқан. Олардың айтуларынша, әр азамат сөзбен айтып, қол қусырып қарап отырса, одан еш пайда жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Балғынбек Имашев: Күйеусіз өтсе де қызымды қытайға бермес едім (видео)

Аралас неке әлегі: Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздар өкіне ме

Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)

Ақтауда анасы өзін аяусыз балағаттап тастаған туған ұлын сотқа берді

Талқылау