Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат (Найман) Хамитов: Қазақ ұлтына қарсы заң шыққан сайын өз-өзімді ұстай алмай қаламын

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, танымал спортшы Қуат (Найман) Хамитов елімізде шығып жатқан түрлі заңдарға байланысты Stan.kz сайтының тілшісіне пікір білдірген еді.

7777

Фото: Инстаграм

“Мен өз халқымды жақсы көремін. Әр кез менің халқымды қинайтын жаңа заң шыққан сайын жүрегім ауырады. Өзім де кәдімгі қазақы отбасынан шықтым. Елдің қандай күй кешіп жатқанын білемін. Ел болашағын біз ойламасақ, басқа кім ойлайды”, – дейді спортшы.

Еске салсақ, Қуат Хамитов осыған дейін уақытша тіркеуге тұру туралы заң жобасы шыққан кезде, әлеуметтік желіде қатаң пікір айтып, қоғамды дүр сілкіндірген еді. Ол тіпті “егер кімде-кім уақытша тіркеу мәселесімен есігін қақса, “жерлеп тастайтынын” жасқанбай айтып салған болатын. Спортшы ел-жұртына осындай  ойын айтып, қоғам санасына қозғау салып, өз құқықтарымызды талап ету керек дейді.

8888

Фото: Инстаграм

Қазіргі таңда спортшы Таиландта оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Қазақстанда дәл қазір қыс мезгілі болғандықтан жаттығу жасауға қолайсыз дейді. Сол себепті ауа-райы жылы мемлекетті әдейі таңдап алыпты. Жол шығынынан бастап, жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесін түгелдей дерлік жалғыз өзі көтеретін спортшы, негізгі мақсаты туралы да айтып өтті.

“Бір айдан соң Ресейге аттанамын. Ол жақта FIGHT NIGHTS тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді қорғап, жеңіп, сосын жыл соңында UFC-ге шыққым келеді”, – деді әлем чемпионы.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Роналду Мадейра әуежайында өзінің “үрейді ұшыратын” ескерткішін ашты

Талқылау