Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат  Найман  үйленетінін, қалыңдығына қояр негізгі талаптарын ашық айтты. Спортшы үнемі ерекше ойлары мен оны жеткізудегі батылдығына орай БАҚ назарында екені белгілі. Қуат Қайрат пен Димашты салыстырған Бибігүл апасына ренжулі сияқты көрінді.

қуат-найман

Әрі ел алдында жүрген екі әншінің өнеріне қатысты өз бағасын берді. Спортшы Stan.kz  сайтына  арнайы сұхбат берген еді.

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат Найман өзіне қандай қыздар ұнайтынын ашық айтты.

«Бала кезімде бойым өте қысқа болды. 165 см болған шығар. Өзім өте әлсіз болдым. Мектепте де қатардың соңында тұратынмын. Әкеме қатты ренжитін едім. Бойым неге аласа деп. Содан болар, әкешім бойы қысқа қыз алсаң үйге кіргізбеймін дейді.

Аллаға шүкір бойым өсіп, сымбатты жігіттердің қатарындамын қазір. Сол себепті де, қыздарға қоятын басты талабым бойы ұзын болу керек. Ал, мінез жағын өзім тәрбиелеп аламын»,-дейді Қуат Найман.

Генади Головкинді қатты сынап, тіпті оған рингтен кетуге кеңес берген спортшы мұндай сөздерді не себепті айтқанын түсіндірді.

«Айту керек, бокста кез-келген спортшы қарсыласын өзі таңдайды. Тіпті жекпе- жекке бір сағат уақыт қалғанда да кездесуден бас тарта аласың. Мен кәсіби спортшы ретінде айта аламын, Генадий бауырымыз қарсылас таңдағанда өте сақ.

Головкин өте әлсіз боксшыларды таңдап алады. Менің ойымша бұл өте ұят әрекет. Мысалы, Головкиннің кез-келген кездесуінде оның жеңіске жететінін сезіп отырасың. Оны халық та білетін шығар. Неге? Себебі, қарсыласының тәжірибесіз екені байқалып тұрады. Ойлап қарасақ, Генадий РЕМБО емес шығар атып жатса да, жарып жатса да өлмейтін.

Үнемі жеңе беру мүмкін емес, жасы да 35-ке  келді. Бір күні нағыз кәсіби боксшымен төбелесіп, ұтылып қалса қасықтап жинаған абыройын шелектеп төгіп алуы мүмкін емес пе? Сондықтан жұлдызы жанып тұрғанда, арты ашылмай тұрғанда рингтен казір кеткені абзал. Мен жаным ашығаннан кейін осындай кеңес бердім»,-дейді спортшы.

Қуат Найман Головкинге ақыл айтып жүріп, Ресейде өз қарсыласынан оңбай жеңіліп қалғанын мойындады. Осы тұста өзін сынайтындарға жауабы да дайын екен.

«Ел не демейді… Жалпы сынға деген көзқарасым түзу.   Менің осы кездесуде ұтылсам да, рейтингім көтерілді. Себебі бұл жоғары дәрежелі промоушн. Файт Найтс Еуропа мен Ресейдегі нөмірі бірінші промоушн.

Сондықтан ол жақта өнер көрсету кез-келген спортшының арманы. Мен жеңілсем де, сол рингтің көк кілемін көрдім ғой. Бұл жеңілісім үшін ұялмаймын, керісінше мақтанамын. Ал, мені сынағандарға айтарым:«үйде жатып алып жар салғанша, өзіңді түзе»,- дейді спортшы.

Спортшы шоу-бизнестегі өзара тартыстар мен сындарға  қатысты ойларымен бөлісіт.

«Мен айтайын. Қайрат – қазақ елінің сүйікті ұлы. Оның әндерін білмейтін қазақ жоқ шығар. Мен де жиі тыңдаймын. Нұртастың Қайраты  бағындыратын белестерін бағындырып қойған. Мұны бәрі біледі және мойындайды.

Ал, Димаш ол кеше шыққан бала ғой. Қытайға барып айқайлап, сол жақтың көрермендеріне ұнады. Артынан қазақтар да Димаш біздің мақтанышымыз деп шулап жатты. Бұл баланы атақты еткен тек бақ. Таланты да бар шығар енді.

Ал Қайрат Нұртас нағыз еңбектің арқасында елінің елеулісіне айналған әнші. Димашқа Қайрат болу үшін әлі біраз еңбектену керек. Тағы бір айтатыным, мысалы сіз Димаштың әнін көлікте тыңдайсыз ба? Әрине жоқ. Тыңдағыңыз келсе де тыңдай алмайсыз. Шыңғырған жігітті тыңдағанша Қайраттың қоңыр дауысын тыйдайсыз ғой… Сол себепті Димаш байқауларға қатыспай осымен  тоқтап қалса оны халық тез ұмытып кетеді.

Ал Қайратты ұмыту мүмкін емес. Себебі оның әндерін халық жатқа біледі. Сондықтан Бибігүл апаның бұл пікірімен келіспеймін және орынсыз деп есептеймін»,-деді спортшы.

Қуат Найман жарыстар мен жаттығулар үшін өзге елдерге жиі қатынайтын спортшы. Ол әр елге барған кезде Қазақстанды, қазақ халқын салыстырып, артықшылығы мен кемшіл тұстарын бақылап жүретінін айтады.

Тіпті кейде, кедейліктен көз ашпайтын қандастарына жаны ашып, Қазақстанның ауылдарында өмір сүру деңгейін жақсарту үшін «не істеуге болады» деген ойлар өзін жиі мазалайтынын айтады.

«Мен өзім қарапайым отбасынан шыққанмын. Сондықтан қоғамда не болып жатқанын толық білемін. Ата-бабаларымыз қаншама қан төгіп қалдырған жерімізде де аз ғана қазақ тұрамыз. Бірақ басымыз бір қазанға сыймайды.

Неге қазақ кондуктор, неге қазақ базарда арба сүйрейді, неге қазақ көлік тұрағында қызмет етеді? Себебі біз бір-бірімізді көре алмаймыз. Ауыз біршілік жоқ. Мысалы, мен Тайланд еліне жиі барып тұрамын. Ол жақтағы халықтың жағдайы біздікімен салыстырғанда керемет. Алып қарасаң жай ғана арал.

Жер қойнауында біздегідей қайнап жатқан мұнайы жоқ, байлығы жоқ, алтыны, темірі жоқ. Бірақ тұрғындарының 90 пайызы ауқатты амдар. Ал бізде неге олай емес деген ойлар мені жиі мазалайды. Себебі бізде бірлік жоқ»,-деп ойын түйіндеді Қуат найман.

Оқи отырыңыз:

Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото, видео)

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Талқылау