Қуат Хамитов соттың шығарған шешімінен құтылып кетті
Қазақстандық файтер қаңтар айында сот тағайындаған 100 сағат мәжбүрлі еңбектен құтылып кетті. Ол тұрақты жұмыс орынан анықтама тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алмалы аудандық сотының 2021 жыл 28 қаңтарындағы қаулысына сәйкес Қуат Хамитов тұрақты жұмысының болмауына байланысты 100 сағат мәжбүрлі еңбек етуі тиіс болған. Күнделікті 4 сағат жұмыс істеуге міндеттелген спортшы тұрақты жұмыс орнынан анықтама көрсетіп, бұл жазадан босатылған.
ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде мәлімдегендей осы жылдың ақпан айынан бастап Хамитов Алматы қаласы мен Алмалы аудандық пробациялық қызметінде тіркеуде тұрған.
- Айжан Байзақова мен Қуат Хамитов отандық фильмде басты рөлді сомдады
- Қуат Хамитов жасырын жекпе-жектерге қатысқанын мойындады
- Қуат Хамитов қазақстандық шенеуніктер мен депутаттардың шетелде емделуіне тыйым салуды ұсынды
"Қылмыстық кодекстің 44-бабы, 1-бөліміне сәйкес тұрақты жұмысы бар немесе оқу орнында оқитын айыпталушы мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Хамитов Қ.Т. ресми түрде жұмыс істейтін орнынан анықтама және еңбек шартын тапсырғандықтан мәжбүрлі еңбектен босатылды", - деп хабарлады комитеттегілер.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айтып өткендей Қуат Хамитов бас бостандығынан шектеу мерзімінде ереже бұзбаған.
Еске салайық, спортшы дизенфекторларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырғаннан кейін жарты жылға бас бостандығы шектелген болатын.
"Жазаны өтеу кезінде Хамитов Қазақстан Республикасы аумағынан шықпады және пробациялық бақылау ережелерін бұзбады. 2021 жылдың 19 тамызында жазасының өтелуіне байланысты Алматы пробациялық қызметі тіркеуінен алынып тасталды", - деп қосты қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде.