Қуат Хамитов қамауға алынды
Елдегі соңғы наразылық акцияларын қолдаған ММА файтері Қуат Хамитовты ОМОН тобы ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өзінің instagram желісінде туған әпкесі хабарлаған.
“Көмек қолын созыңыздаршы, жаңа ғана үйден менің інім, спортшы Қуат Хамитовты ондаған ОМОН қолын байлап, ұрып, күшпен алып кетті”, – деп жазған әпкесі.
Еске салсақ, боксшы бұған дейін елдегі жағдайды сынап, митингке қатысқан болатын.
Өзінің инстаграм желісінде:
“Алматы, батыстықтар халықпен бірге”, – деп видео жүктеген еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан