Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуаңшылық кезінде шөп тасыған Құрмет Талапқазыға үй алу үшін қаражат берілді

Құрғақшылыққа тап болған еліміздің өңіріне елден көмек жинап, қолмен шөп шауып тасыған Құрмет Талапқазыға баспана алуы үшін қаражат берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматылық кәсіпкерлер еңбекқор жігіттің қолына 9 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Бұл туралы журналист Мақсат Толықбай өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

"Уәде етілгендей, міне тағы 9 миллион теңге қосып беріп жатыр. Құдай қаласа Шымкентке бірге ұшып шығамыз. Жаңа жылды Құрмет бауырымыз жаңа баспанада қарсы алады", — дейді Мақсат Толықбай.

Айта кетсек, бұған дейін белсендінің басында баспанасы жоқтығы айтылған еді. Осыған байланысты оған халық 2 жарым күнде 10 миллионға жуық ақша жинап берді. 

Еске салайық, 2021 жылдың жазында еліміздің батыс өңірлерінде мал қырылған құрғақшылық кезінде Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы шөп шабуға, сондай-ақ құрғақ аймақтарға жем жеткізуге қаражат жинауды ұйымдастырған. Құрмет алты вагон шөп жинап, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарының қуаң аймақтарына жөнелтті.

Жақында Құрмет Талапқазыға Шымкенттегі университетте тегін оқу мүмкіндігі берілді.

Талқылау