Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым: Болашақ жарымның анам сияқты ұстаз болғанын қалаймын

Бұл әнші сырлы да мағыналы әндерімен аз ғана уақыттың ішінде өзіндік тыңдарманын тауып, танылып шыға келді. Жұрт оның домбырамен айтқан әндерін де, лирикаға толы эстрадалық әндерін де сүйіп тыңдайды. Ал ғашық қыздар Қуандық Рахымның жүрегін жаулап алуды армандайды.

Screenshot_16

Әнші болашақ жарының қандай болуы керектігі туралы әңгімелеп берді.

«Анам ұстаздық жолында қызмет етеді. Кез-келген жігіт анасын қатты жақсы көргендіктен, анасына ұқсайтын қызды кездестірсе жақсы болатын шығар. Қазақылығы, тәрбиелілігі, имандылығы ол бөлек, міндетті түрде болатын дүние ғой. Болашақ жарымның Құдай қаласа ұстаздық қызметте болғанын қалаймын», – деді Қуандық Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында.

Қуандықтың жоспарлары көп. Сәтті ән табылса ол Төреғали Төреәлімен дуэт жаздырмақ. Бұдан бөлек, екі бірдей үнтаспасын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Олардың бірі эстрадалық бағыттағы әндерге арналса, екіншісі халық және дәстүрлі әндерден құралмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш сайыстың екінші кезеңінде орындайтын әннің видеосы пайда болды (видео)

Баян Есентаева енді Гонконгқа аттанып кетті (фото)

Маржан Арапбаеваның қолдан пісірген наны көпшілікті сүйсінтті

Желідегілер суретте омырауы көрініп қалған Айсәуле Бақытбекті сынады (фото)

Талқылау