"Қуандым дей алмаймын": Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр
Актриса Айнұр Ілиясова қуанышты хабармен бөлісті. Ол үшінші сәбиін күтіп жүргенін растады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Белімнің қайда кеткені барлығын қызықтырып жүр еді. Бар құпиясы осында. Күйеуіме рақмет. Сіздерге де жұғысты болсын, сол үшін Аумин деп қойыңыздар", – деп Instagram-дағы оқырмандарынан сүйінші сұрады Айнұр.
Екі қыз тәрбиелеп отырған актриса бұл жүктілікті жоспарламағанын ашық айтты. Тіпті сәбилі болатынын білген сәтте қуанбағанын, керісінше, уайымға салынғанын жасырмады.
"Алғашқы екі жүктілігімді жоспарлап, тыңғылықты түрде дайындалдым. Ал бұл жолы басыма осындай іс түсті. Косметологқа барып, түрлі процедураларды жасап жүргенімде ол етеккірдің кешігуі жайлы сұрады. Мен жоққа шығарып, мүмкін емес дей бердім. Ақыры тест жасадым. Сол кездегі түрімді көрсеңіздер ғой", – дейді Ілиясова.
Айнұр 2016 жылы алғаш рет ана атанған. Екінші қызын 2019-да босанған актриса әлі кішкентай балаларын уайымдағанын айтады.
"Шынымды айтайын, қуаныштан секірдім немесе бақыттан басым айналды дей алмаймын. Алғашқы реакциям: "Менің балаларым кішкентай ғой, о жоқ", – дедім.
Қолымнан келе ме? Онсыз да күнде көзім дірілдейді. Әрқайсысына көңіл бөлу керек. Күйеуім, жұмысым, жеке жұмыстарым бар", – деп ағынан жарылды Ілиясова.
"Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы шындықтың бетін ашты
Айнұр ес жиюға, болған жайтты қабылдауға бірнеше күн кеткенін айтады.
"Жаратқанға, Әлемге солай ыңғайлы болса, демек, солай болуы керек. Гинекологқа барып, жүктілігімнің бақытты өтуін ойладым. Содан басталды...", – деп әңгімесін қызықты жерінде аяқтаған Айнұр жалғасын келесі жолы жазуға уәде берді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі