Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляция шешім қабылдады

Астаналық сотта Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі апелляциялық сатыда қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Фото: Видеодан скрин

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Қуандық Бишімбаев – әзірге балалардың әкесі. Ешқандай негіз болған жоқ, апелляциялық соттың шешімін әлі алған жоқпыз. Бізге тек қарардың бір бөлігін айтты. Шешім бірнеше күннен кейін шығады. Біз заң бойынша Жоғарғы сотқа шағымданамыз. Егер олар қабылдаса, іс Жоғарғы сотта қаралады", – деді талапкердің адвокаты Мәдина Уатбекова.



Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұл шешіммен келіспейтінін айтты. Ол "Қазақстанның сот жүйесінен көңілі қалғанын" жеткізді.

"Әрине, мен мұнымен келіспеймін. Таза формализм. Тек некенің (Бишімбаев пен Нүкенованың арасында) тіркелмегеніне баса назар аударылады. Балалар үлкен психологиялық тұрғыдан зардап шекті деген психологиялық қорытындымызды да ескермеді. Өкінішке қарай, басқарма бұл істі 45 минутта шешті. Бірінші сатыда да, екінші сатыда да сот жүйесіне ренжідім, көңілім қалды. Ал Жоғарғы сотқа жүгіну бекер дейді бәрі. Бірақ бұл қажет", – деді Назым Қаһарман. 

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман соттың Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішін қанағаттандырмағанын жеткізген еді. Назымның айтуынша, сот бұл үшін заңды негіз жоқ деп санаған. Балалардан екі сағатқа жуық жауап алынған. Алайда судья дәлелдерді ескермеген.

Сондай-ақ Назым балаларының тегін де өзгертуді қалайтынын қоса кеткен еді. 

Талқылау