Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚТЖ-ның еншілес компаниясының топ-менеджері пара алды деген күдікпен ұсталды

қазтеміртранс

Фото: pixabay.com

"Қазақстан темір жолы" АҚ еншілес компаниясы "Қазтеміртранс-тың" топ-менеджері пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Қазтеміртранс" Алматы филиалының директоры 540 миллион теңге шамасында пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Алдын ала мәлімет бойынша топ-менеджер қаладағы мейрамханалардың бірінде тұтқындалған. 

"Қазтеміртранс" компаниясы топ-менеджердің ұсталғанын растады.

"Қазтеміртранс" АҚ қазіргі таңда құзырғы құқық қорғау органдарының тергеу шараларын жүргізіп жатқанын растайды. Компания құзырлы органдарға тергеу аясында қажетті ақпарат пен құжаттар ұсынып жатыр"", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ компания өкілдері нысандарды қорғау бойынша мемлекеттік тапсырыста жеңуде көрсетілген көмек үшін қомақты пара алғаны туралы ақпараттың күдік ұялататынын жеткізді. Ал нысандарды күзетуге қатысты келісімшартқа қол қойылған. Күзет қызметіне бөлінетін бюджет 200 миллион теңге щамасында, ал алматылық филиалдағы өндіріс базасын күзетуге биыл 9 миллион теңгеден аса қаржы қарастырылыпты. Бұл ақпаратта көрсетілген қаржыдан әлдеқайда аз. 

"Қазтеміртранс" АҚ заң принциптерін, әділдік пен кез келген жемқорлық деректеріне бей-жай қарамау принципін ұстанады. Заң бұзу деректері тіркелсе, заңмен қарастырылған шаралар қолданылады", – деп қосты компания өкілдері. 

Назархан Уән
Жұма, 06 Наурыз, 2026 09:20