ҚТЖ еншілес кәсіпорнынан заңсыз кірген миллиондаған теңге тәркіленді
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің елордалық департаменті монополияға қарсы тергеу нәтижесінде ҚТЖ еншілес кәсіпорны "KTZ Express" АҚ-нан 10 миллион теңгеден астам қаражатты тәркіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Акционерлік қоғам бәсекелестік туралы заңнаманы бұзған.
2021 жылы "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" АҚ еншілес кәсіпорны тасымалдауға монополиялық жоғары баға белгілеген. Компанияның өз қызметтері үшін жинаған комиссиялары рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Демек Қазақстандағы теміржол тасымалы құнының 30%-ы.
"Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты компанияға 853,3 мың теңге айыппұл салып, 10 миллион 114,3 мың теңге көлеміндегі монополиялық кірісті тәркілеген. Сот қаулысы заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.
"KTZ Express" АҚ 2002 жылдан бері жұмыс істейді және толықтай "KTZ" ұлттық компаниясына тиесілі. Оны DNS Systems ЖШС IT фирмасына иелік ететін Дамир Қожахметов басқарады.
Айта кетейік, бұған дейін Америкалық компания ҚТЖ-ға жаңа локомотивтерін 200 миллиард теңгеге сататыны туралы жазған едік.