Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚТЖ басшысы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сынға ұшырады (видео)

Фото: rail-news.kz

“Қазақстан темір жолы” АҚ ұлттық компанияның басшысы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сынға ұшарырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов компанияның қарызы туралы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сөзді орынбасарына берді. Алдыбергенов қойылған сұраққа алдымен түсініксіз жауап бере бастап, біраздан соң сөзін тоқтатып, қолымен ишара жасап, орынбасарынан жалғастыруын сұрады.

“Компаниямыз келесі жылы IPO-ға шығуды жоспарлап отыр. Қазір компанияның несиелік портфелі 3,7 триллион теңгені құрайды, ал жылдың басында бұл көрсеткіш – 2,9 триллион теңге болған”, – деді ҚТЖ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры Даир Көшеров.

"Қазақстанда қазақша сөйлейтіндер көбейіп барады, шара қабылдау керек": Олжас Байділдиновтің тағы бір мәлімдемесі талқыға түсті


Видео әлеуметтік желілерде тез тарап, желі қолданушыларының сынына ұшарады. Пікір қалдырғандар басшының жауап беруде қиналуын қазақ тілін білмеуімен байланыстырды.

Мұндай жағдай брифингте бірнеше рет қайталанған. Кейбірі сұрағына мардымды жауап ала алмағанын айтса, енді бірі жауапты мүлде түсінбегенін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкинді қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін мақтаған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 18:54