Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке туыстарымен байланыс орнатуға рұқсат берілді

Николай Жұмағалиев адам жегішФото: shot_shot

КСРО кезеңіндегі ең атышулы сериялық қылмыскер Николай Жұмағалиевтің денсаулық жағдайы тұрақтанды. Ондаған жыл бойы мәжбүрлі ем қабылдап келген "Темір азу" лақап атымен танылған каннибалға дәрігерлер алғаш рет туыстарымен байланыс орнатуға рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

КСРО кезеңіндегі ең белгілі сериялық қылмыскер, каннибал Николай Жұмағалиевтің жағдайы дәрігерлер тарапынан тұрақтандырылды. "Железный Клык" және "Сатана" деген лақап атпен танылған, әйелдерді өлтіріп, олардың етін жеп, шизофрениямен ауыратын қылмыскер Қазақстандағы психиатриялық ауруханада есін жиған.

SHOT дерегінше, ондаған жыл бойы құпия сақталып келген ақпаратқа алғаш рет қол жеткізілген. Қазір Жұмағалиев Алматы облысындағы Ақтас ауылында орналасқан арнайы психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем қабылдап жатыр. Ұзақ жылдар бойы "шизофрения" диагнозымен толықтай ес-түссіз күйде болған науқас соңғы қолданылған емдеу әдісінен кейін айтарлықтай оң нәтижеге қол жеткізген. Енді ол анық сөйлеп, сұрақтарға жауап бере алады.

Аурухана бас дәрігері оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап, 35 жылдан кейін алғаш рет туыстарымен телефон арқылы сөйлесуіне рұқсат берген. Әңгіме небәрі 5 минутқа созылған. Жұмағалиев жиені Еркежанмен байланыс орнатуды сұраған. Ол келісімін берген соң, енді қылмыскер айына екі рет туысымен сөйлесе алады. Алайда дәрігерлер аурудың қайта асқыну қаупі бар екенін ескертеді.

Николай Жұмағалиев алғашқы қылмысын 1979 жылы жасаған. Ол жол бойында әйелдерді аңдып, өлтіріп, олардың қанын ішіп, етін жеген. Қылмыскер мұны өзіне тылсым күш береді деп сенген.

Жеке детектив Максим Заболотныйдың айтуынша, Жұмағалиев әйелдерді "таза емес, күнәһар" деп санаған. Бұған оның бұрынғы қыздарынан сифилис пен трихомоноз жұқтыруы себеп болған. Осыдан кейін ол әйелдерге қарсы соңына түсіп бастаған. Алғашқы кісі өлтіруге ол ерекше мұқият дайындалған.

Ресми деректер бойынша, "Железный Клык"-тың қолынан кемінде 10 адам қаза тапқан.


Түркістан облысында зейнеткерді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған ер адам жазадан құтылып кетті


Күйеубалам қойша бауыздап тастаған – Алматыдағы театрдың бірінде күйеуінің қолынан қаза тапқан актрисаның ағасы


Еске салайық, бұған дейін режиссер Руслан Пак КСРО кезінде елді дүр сілкіндірген сериялық қылмыскер Николай Жұмағалиевті ұстау операциясына негізделген "ТРИ" фильмін түсірген еді. Алайда картинада адамжегіштің өзі емес, қылмысты ашуға тырысқан із кесушінің тағдыры басты назарға алынған. Фильм жеке инвестиция есебінен түсірілген және халықаралық фестивальдерге ұсынылған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025 16:11