Кселл тарифтерді сақтай отырып және желілік инвестицияларды арттыру нәтижесінде табысын 262 миллиард теңгеге дейін ұлғайтты

“Кселл” АҚ (Kcell және activ брендтері) 2025 жылдың IV тоқсаны мен жылдық жұмысының қорытындысын жариялады. Компания табысын 8,6%-ға арттырып, 262 миллиард теңгеге жеткізді. Сәйкесінше өсім тарифтердің бағасын айтарлықтай өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның көрсеткіштері жақсарды:
- EBITDA 15,7%-ға өсіп, 106,6 миллиард теңге болды,
- Табыстылық деңгейі 40,7%-ға жетті,
- Таза пайда 38,9%-ға артып, 14,1 миллиард теңге болды.
Компания желіні дамытуға да көп қаржы салуда – жылдық инвестиция көлемі 102,8 миллиард теңгеге жетті.
“2025 жылдың қорытындысы негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсімін және операциялық тиімділіктің нығаюын көрсетеді. Біз үшін бұл өсімнің нарықтағы жалпы үрдістен айырмашылығы – тарифтерді арттыру есебінен емес, 5G инфрақұрылымын дамыту, цифрлық сервистерді жетілдіру, мобильді интернет тұтынуын ұлғайту және өнімдік желіні кеңейту нәтижесінде қамтамасыз етілуі маңызды. 2026 жылы компания инфрақұрылымды кеңейту, қамту аймағын арттыру және B2C пен B2B сегменттеріне арналған сұранысқа ие шешімдерді әзірлеуді жалғастырады. Біз желіге салынатын инвестицияларды ұзақ мерзімді өсімнің негізгі тұғыры деп санаймыз. Басты міндетіміз – еліміздің барлық өңірінде клиенттерді жоғары жылдамдықты әрі сапалы ұялы интернетпен қамтамасыз ету”, – деді “Кселл” АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жамбакин.
Өсімнің негізгі себебі – адамдардың интернетті көбірек қолдана бастауы:
- Абоненттер саны 8,8%-ға өсіп, 8,67 миллион адам болды,
- Интернет-трафик 66,6%-ға артты,
- Бір адам айына орта есеппен 21,5 ГБ интернет пайдаланады (43,8%-ға көп).
Интернет көп қолданылғанымен, бір абоненттен түсетін орташа табыс (ARPU) өзгермей, шамамен 1834 теңге болды (+0,8%). Бұл компания тарифтерді қымбаттатпай, қызметті қолжетімді ұстап отырғанын көрсетеді.
Желіде қолданылатын смартфондардың 82,9%-ы – 4G/5G.
Компанияның өсуіне 5G технологиясы қатты әсер етуде:
- 5G қолдайтын құрылғылардың үлесі 34,6%-ға жетті, яғни әр үшінші құрылғы 5G қолдана алады,
- 5G пайдаланушылар 4G-ға қарағанда интернетті 2 еседен көп пайдаланады және олардан түсетін табыс та жоғары, шамамен 126%-ға жетті.
Компанияның өсіміне жаңа бағыттар да әсер етуде. Мысалы, 5G арқылы үйге интернет беру қызметінде (FWA) табыс 235%-ға өсті. Бұл қызметті пайдаланатындар саны 147%-ға көбейіп, интернетті қолдану көлемі де сонша пайызға артқан.
Құрылғыларды сату өсімі де айтарлықтай байқалады: келісімшарт арқылы сатылатын телефондардан түсетін табыс 17%-ға артты, ал осындай құрылғыларды пайдаланатын клиенттер саны 40%-ға көбейді. Осы бағыттағы жалпы табыс 11%-ға өсті.
Бизнеске арналған қызметтер (B2B) сегментінде өсім цифрлық шешімдер арқылы қамтамасыз етілді: IoT табысы 20%-ға, белсенді клиенттер саны 16,8%-ға, ал Big Data шешімдерінен түсетін табыс 22,5%-ға артты.
Компания желілік инфрақұрылымды әлі де дамытып жатыр. 2025 жылдың соңында 5G базалық станцияларының саны 1774-ге жетті, оның 812-і – желіні бірлесіп пайдалану жобасы аясында орнатылған. 5G қызметтері Қазақстан бойынша 2586 локацияда қолжетімді.
Ауылдық жерлерде де байланыс айтарлықтай жақсарған. Бір жыл ішінде 965 жаңа базалық станция іске қосылып, 592 ауылда 4G интернет қызметі қолжетімді болды. Жалпы ел бойынша желі қамтуы:
- 3G – 93,89%;
- 4G – 86,01%;
- 5G – 53,54% деңгейінде.
Жоғары инвестициялық жүктемеге қарамастан, компанияның қаржылық тұрақтылығы сақталып отыр: таза қарыз / EBITDA көрсеткіші 1,58 деңгейінде болды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты