Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду мансабындағы 960-шы голын соқты

Криштиану Роналду Фото:ESPN

Португалия құрамасы мен "Аль-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 960-шы голын соқты. Бұл туралы Stan.kz аөпарат агенттігі хабарлайды.

Сауд Арабиясының Премьер-лигасының 17-турында "Аль-Наср" мен "Дамак" командалары өзара мықтыны анықтады.

Матчтың 50-минутында Криштиану Роналду қарсылас қақпасынан саңылау тауып, мергендік танытты. Осылайша ол кәсіби мансабындағы 960-шы голын еншіледі.

Криштиану Роналду кәсіби мансабында 1000 голға жету жолындағы ұмтылысын жалғастырып келеді.


Белгісіз біреу Криштиану Роналдудың мүсініне өрт қойды


Айта кетейік, бұл матчта "Аль-Наср" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп,  турнир кестесінде 2-орынға жайғасты. Ал турнир кестесінің көшін "Әл-Хилал" бастап тұр.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 12:23