Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду Голливуд фильмдеріне түсуге дайын

Футболдан Португалия құрамасы мен мадридтік “Реалдың” жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду үлкен кинода ойнағысы келетінін айтты. Ол өзінің бұл саладада жолы болып кететініне сенімді.

cristiano-ronaldos-movie-trailer-reviewed-1443480504

Сурет sports.vice.com сайтынан алынды

Бұл туралы РеалМадридтің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

“Ерте ме, кеш пе киноға түсетінім анық. Өз-өзімді Голливуд фильмдерінде неге сынап көрмеске. Қазірдің өзінде ұсыныстар бар. Бірақ, менде матч, жаттығуғ яғни өзімнің кәсібімнен қолым тимейді. Ал болашақта бұл мен үшін тың бағыт болар”, – дейді Роналду.

Футболшы бірақ, ә дегеннен басты рөл иелену қиын екенін де жасырмапты. Алғашында майда рөлдерден бастап көруге ниетті. Еңбектенсең, актерлік шеберлік жолында күні-түні дайындалсаң бәріне жетуге болады дейді футболшы.

“Актер мен футболшының айырмашылығы орасан. Актер – өте әдемі әрі қиын мамандық. Көңіл-күй, ой, шығармашылық бар. Егер, айналаңда жақсы актерлер көп болса, онда бұл слааны игеріп кетуге болады. Мен актерлік тұрғысынан әзір мықты емеспін, бірақ бағындыруға болады”, – дейді Роналду.

“Реал” ойыншысы биылғы маусымда 25 ойында 22 голмен көзге түсіп, 8 нәтижелі пас берген.

Талқылау