Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен тыс қалды

Фото: © Tim Clayton / Contributor / Corbis Sport / Gettyimages.ru

Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ирландиядан 0:2 есебімен күтпеген жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Матч тартысты басталғанымен, бірінші таймда Португалия қарсылас қорғанысының осал тұсын таба алмады.

Керісінше, ирландиялықтар екі мәрте Португалия қақпасынан саңылау тауып, гол соқты.

Ойын барысында жанкүйерлер тарапынан қатты қысымға ұшыраған Роналду эмоциясын ұстай алмай қалды. Матчтың 59-минутында ол қорғаушы Дара О’Шиге шынтақпен әдейі соққы жасады. Бастапқыда төреші сары қағаз көрсеткен еді. Алайда VAR қарағаннан кейін шешім өзгеріп, Криштиану тікелей қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Бұл – оның ұлттық құрамадағы 226 матчында алып отырған алғашқы қызыл қағазы.

Осының салдарынан Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінің алғашқы турларына яғни 2–3 ойынға дисквалификация алуы мүмкін.

Ал ойынның қалған минутында Португалия Ирландияға еш қарсылық көрсете алмады. Қорытынды есеп бойынша 2:0 айырмашылығымен Ирландия сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Айнұр Мұхади
Жұма, 14 Қараша, 2025 23:39
Талқылау