Кремль 4–5 ақпанда Абу-Дабиде үшжақты кездесудің өтетінін растады

Кремль Украина, Америка Құрама Штаттары және Ресейдің қатысуымен келіссөздердің жаңа кезеңі 4-5 ақпанда Абу-Дабиде өтетінін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кремль өкілі Дмитрий Песков Украина, Ресей және АҚШ делегацияларының бейбіт жолмен шешім табуға арналған кездесуі бастапқыда 1-2 ақпанға жоспарланғанын, кейін 4-5 ақпанға ауыстырылғанын айтты.
“Кездесудің күнін өзгерту “үш тараптың кестесін үйлестіру қажеттігіне” байланысты болды”, – деді Песков.
"Қос тарап мәмілеге келуге жақын": Трамп пен Зеленский Флоридада келіссөз өткізді
Кездесуге арналған күнді Украина президенті Владимир Зеленский де алдын ала атаған еді.
Кездесу, болжам бойынша, АҚШ бастамасымен кейінге қалдырылған. Келесі келіссөзге дайындық барысында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путиннен Киев пен аймақтардағы энергетикалық нысандарға соққыларды 1 ақпанға дейін тоқтатуды сұраған. Бұған қатты аяз және бұрынғы жаппай ресейлік шабуылдардың салдары әсер еткен.
Кремль өкілі жаңа келіссөз басталғанға дейін энергетикалық нысандарға соққыны тоқтатуға мораторий ұзартылған ба, жоқ па, нақтыламады.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Путин мен Зеленскийдің Украина бойынша келісім жасауға дайын екенін мәлімдегені туралы жазған едік.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді