ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы қайтыс болған Владимир Седовтың отбасына 5 миллион теңге берілетінін мәлімдеді
Федерация өз-өзіне қол жұмсап қайтын болған ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың отбасына 5 миллион теңге берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйым ұжымы спортшының отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
"26 маусымда атақты қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов дүниеден өтті. Владимир ел спортының дамуына адал қызмет етті. 2008 жылы Олимпиадада 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Владимир Седов төртінші орынды жеңіп алды. Өзінің үздік жетістіктері үшін "Құрмет" орденімен марапатталды. Владимир небәрі 35 жаста еді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Жақынымызбен жолдасымыздан айырылу біз үшін орны толмас қайғы", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ федерация Седовтар отбасына бес миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуге және ұлының тәрбиесіне қажетті қолдау көрсетуге уәде берді.
"Осы жылдардағы біз шеккен шығын барлық спортшылардың үлкен спортты тастаған кезде кездесетін қиындықтарын айғақтайды. Федерация ауыр атлеттер мен спорт ардагерлерін қолдау бағдарламасын әзірлеп, халыққа ұсынады. Оның аясында мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсетіледі. Бұл бағдарлама спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсетеді. Федерация биыл тартылған демеушілік қаражаттан он миллион теңге бөледі. Осы күндері Владимирдің туыстары мен достарына қолдау білдірген баршаға алғысымызды білдіреміз", – деді федерация.
Еске салсақ, белгілі ауыр атлет, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанған Владимир Седовтың өзіне қол салып, қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.