Зағип қыз Сәкен Майғазиевті түсінде көрген: Әнші оның арманын орындады
Сәкен Майғазиев өзін бала кезден тыңдайтын тыңдарманының оқиғасын баяндады. Туғалы зағип қыз Майғазиевті түсінде көреді екен. Әнші сол қыздың арманын орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Майғазиев фанатымен кездескен сәтін Instagram парақшасына жүктеді. Онда Мөлдір есімді ару Майғазиевті ұнататынын, тіпті үйдегі сүйікті ойыншығына әншінің есімін бергенін айтады. Қыздың жайын естіген әнші көзіне жас алып, оны құшақтайды.
"Түсіңде мені қандай бейнеде көріп жүр екенсің, балапаным сол. Өмірде жарық дүниені көзімен көрмесе де, көкірек көзі ояу қыз мені түсінде көреді екен. Бір ай бұрын жүрегі мұнтаздай Мөлдір қызға түсінде тәтті ас ұсынып жүр екем. Өмірің тәтті болсын, жаным.
Зағип жандар РАББЫМЫЗдың нұрлы дидарын бірінші болып көреді дегенді естігем. Екі дүниеде де жүзің жарық болсын, балапаным", – дейді Майғазиев.
Әнші сол қыздың арманын орындап, онымен бірге ән шырқаған.
"Өнерің өрге бассын, өренім", – деп тілегін білдірді ол.
Көпшілік Майғазиевтің қарапайымдылығына тәнті болды.