Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көйлегінің замогы атылып кетті": Алтынай Жорабаева келеңсіз оқиғаны еске алды

Ұлттық нақышты құп көретін Алтынай Жорабаева оюлы көйлегім ұятқа қалдыра жаздады дейді. Әнші Дана Нәби тіккен киім күнделікті сахнада келеңсіз жағдайға ұшыратты деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алтынай ЖорабаеваСурет: instagram.com/altynaizhorabayeva/?hl=ru

«Былтыр ғана көктемде Сарыағашта концерт бердік. Сол кезде Данаға «Алдындағы замокты маған кәдімгідей мықты етіп жаса, қатты, қысыңқырап тік» дедім. Сахнаға шығайын деп тұрмын, дірілдеп бара жатырмын. Ананы жаба алмай жатырмын. Содан қатты жапқан кезде атылып кетті. Ақыры алдында киген көйлегімді қайтадан киіп шықтым", - дейді әнші. 

Алтынайдың өзі болса, күнделікті өмірде қазақы киімдерді киіп жүруге қарсы емес. Ел оның бұл қылығын кезекті хайпқа балап, түсінбей қала ма деп қорқады. 

«Күнделікті киетін көйлектердің пішіні бұрынғы қазақтың қамзолдарының ішінен киетін көйлектердікіне ұқсайды. Көкіректің астынан деген сияқты. Сондай көйлек киген кезімде «Екіқабат құсап немене» деп адамдар түсінбей жатады», - дейді Алтынай Жорабаева. 

Естеріңізге сала кетсек, Алтынай Жорабаева етті қалай бөлшектеу керегін көрсетіп, жұртты тәнті еткен еді

Талқылау