Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коттедж қалашығы мен аквапарк: Үкіметте Бурабайда қандай нысандар салынатыны айтылды

Үкімет отырысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Щучинск-Бурабай курорттық аймағында қандай нысандар салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бурабай

Фото: borovoe.kz

Үкімет отырысында мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында туристік салаға инвестициялар тарту бойынша негізгі шаралар айтылды.

Бурабайда салынатын инвестициялық жобалар аясында келесі нысандар салынбақ: 

  • Аквапарк пен "Дольче бай Уиндэм" виллалары бар қонақүй құрылысы (11,8 млрд теңге, Club House Burabay ЖШС);
  • "Бурабай Парк Вилледж" коттедж қалашығы (10 млрд теңге, Burabay Park Village ЖШС);
  • Hilton брендімен Аппарт-қонақүй (3 млрд теңге).

Әкімнің айтуынша, курорттық аймаққа жыл сайын 20 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр.

“Бұдан басқа, президенттің туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға бағытталған тапсырмасы бойынша Ақбура курорттық аумағы шегінде ойын аймағы кеңейтілді (облыс әкімдігінің тиісті қаулысына 2025 жылғы 27 наурызда қол қойылды)”, – делінген хабарламада. 

Бұл жобаны іске асыру:

  • 10 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуға,
  • 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға,
  • Салық түсімдерін жылына 8 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 2025 жылы Бурабай курорттық аймағында жедел басқару орталығымен біріктірілген 114 "ақылды" бейнебақылау камерасы орнатылатынын хабарлады. Бұл туристер үшін қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.

“Сондай-ақ ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасын жақсарту мақсатында қосымша 7 антенна-діңгек құрылыстары орнатылды. Жазғы маусым басталғанға дейін оларға ұялы байланыс операторлары орналастырылады. Цифрлық қызметтерді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде "Burabay Travel" мобильді қосымшасы 80% дайын, ол туристер үшін әмбебап көмекші болады”, – делінген үкімет хабарламасында. 

Талқылау