Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына айыпталушылар 8 жылға сотталмақ

Қарағандыда Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Тергеу деректері бойынша, шахта директоры қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеген. Шахта желдетілмей, салдарынан көмір шаңы мен метан көп жиналған. Өрттің өзі конвейердегі механикалық үйкелістің ұшқынынан шыққан.

Айыпталушы жарамсыз құрал-жабдықтарды сатып алған. Оны сертификатталған шеберлердің орнына шахтерлер уақытша әдіспен орнатқан. Көмір өндіру жоспары нормадан артығымен орындалған. 

Қайғылы оқиға 2023 жылдың қазан айында болған еді. Алдымен жер астында өрт шығып, кейін жарылыс болды. Соққы толқыны 6 шақырымға жеткен.



Қылмыстық істі зерттеп-қарау бір жарым жылға созылды. 10 адам айыпталар қатарында. Шахтаның бұрынғы басшылығының әрекеті "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша қарастырылып жатыр. 

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, өрт сөндіруді кеншілер өздігімен жүргізген.

Айта кетейік, бұған дейін Костенко шахтасында 46 шахтердың қазасы бойынша 10 адам сотта жауап бергені туралы жазған едік. 

Талқылау