Костенко шахтасындағы апат: Қайғылы жағдайдан 1 жыл өткеніне қарамастан тергеу әлі аяқталмаған
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғадан бір жыл өтсе де, қылмыстық істің аяқталмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Сенат отырысы кезінде Ғалымжан Қойгелдиевтен Костенко шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық істің мән-жайы сұралды.
“Біз үшін бұл – орны толмас қаза, үлкен қасірет. Қазір қателеспесем, 10 адам тергеліп жатыр. ArcelorMittal-ға қатысты тергеу жүргізілді. Бірақ оның қандай сатыда екенін айта алмаймын”, – деп жауап берді бас прокурордың орынбасары.
Айта кетейік, 28 қазан күні төтенше жағдай аймағындағы өрттен кейін Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, оның 46-сы көз жұмды. Апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. Қарағанды облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"