Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костанайлық оқушы ата-анасының алдында ақталу үшін өзін ұрлап кеткені туралы оқиға ойлап тапқан

3-сынып оқушысы ата-анасына өзін ұрлап кеткені туралы айтқан

Фото: freepik.com

Қостанайда 3-сынып оқушысы өзін белгісіз біреулер ұрлап кетті деп айтқан. Үрейленген анасы бұл туралы танысына хабарлама жіберіп, ол желі арқылы тарап, тұрғындар арасында дүрбелең туғызды. Алайда белгілі болғандай, бала үйге кешіккені үшін осындай өтірік ойлап тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде тараған жазбада әйел әріптесінің айтқанын баяндаған. Айтуынша екі оқушыны мектеп жанында біреу күтіп тұрып, біреуін көлікке отырғызып алып кеткен. Ал екіншісі қашып үлгерген. Кейін күдікті түрде "ұрланды" делінген №8 мектептің оқушысы көлік бағдаршамның қызыл жарығында тоқтағанда есік құлыптаулы болмағанын пайдаланып, өзі қашып кеткен.

3-сынып оқушысы ата-анасына өзін ұрлап кеткені туралы айтқан

Фото: Наша газета

Алайда, полиция тексерісінен кейін бұл оқиға шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.

“Тексеру барысында оқиғаны 3-сынып оқушысы ойдан шығарғаны анықталды. Ол үйіне уақытында келмеген, содан қорқып, осындай оқиға ойлап тапқан. Полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігімен бірге баланың ата-анасына және өзіне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, полиция жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.”, – деп хабарлады полиция департаменті.



Төрт баланың анасы ұлының айтқанына сеніп, оқиғаны WhatsApp арқылы құрбысына жіберген. Алайда бұл хабарлама жылдам тарап, әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Әйел адам бұл әңгіменің жалған екенін ол кезде білмеген.  

Қысқаша айтқанда, бала үйге кешігіп келгені үшін ұрлап кетті деп ойдан шығарып айтқан. Анасы ұлына сеніп құрбысына жазған, бірақ бұл жалған ақпарат бүкіл желіге тарап кеткен. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 12:26
Талқылау