Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникасын өңдейтін зауыттың болашағы не болмақ – Облыс әкімі жауап берді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақтағы ауыл шаруашылығы техникасын жоюға арналған зауыттың болашағына қатысты деректермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: “Оператор РОП” баспасөз қызметі
Құмар Ақсақалов зауытты мемлекет меншігіне қайтару үшін сот процесі ұзаққа созылғанын мәлімдеді.
"Зауыттың тек қаңқасы бар, ешқандай құрылғылар жоқ. Қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының меншігінде. Корпорация үш түрлі өнімді қайта өңдеумен айналысатын инвестор тапты. Ол: металл, ағаш пен қағаз. Алда 1,5 миллиард теңге инвестиция құйылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация ортақ кәсіпорын құрды, себебі мүлік қаржы төлеуді қажет етеді. Біз келесі жылдың 2-3-тоқсанында кәсіпорын іске қосылып, алғашқы өнімін береді деп үміттенеміз", – деді Ақсақалов.
Облыс әкімі аймақта шаруашылық техникалары тозғанын айтады. Сондықтан техниканы жаңарту үшін президент тапсырмасына сәйкес елде 100 миллиард бөлінсе, келер жылы бұл сома 200 миллиард теңге болады екен.
"Бізде неге уақытылы астық егіп, жинай алмайды? Өйткені техниканың ескіру деңгейі жоғары. Сондықтан мәселені тез шешу қажет. Шаруалар кәсіпорын іске қосылса, ескі техникаларын осында өткізе алады", – деп түсіндірді ол.