Қостанайда дәрігер-реаниматолог жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Қостанайда жұмбақ жағдайда, облыстық онкологиялық диспансердің дәрігер-реаниматологы жоғалып кетті. Төрт күн бойы оны туыстары, әріптестері, полиция қызметкерлері және еріктілер іздеп жатыр. Еріктілер таңның атысымен 36 жастағы анестезиолог-реаниматолог Ербол Кәкімовтің суретін көшелерге іліп жүр. Ол төрт күн бұрын жұмбақ жағдайларда жоғалып кетті.
«Ербол Кәкімов 15 ақпанда баласын мектепке апарғаннан кейін із-түссіз жоғалып кетті. Жұмысындағылар оған хабарласса ұялы телефоны сөндірулі болған»,-дейді еріктілерді ұйымдастырушы Роман Колесниченко.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Дәрігердің жұбайы Татьяна Миненко сол күні күйеуінің жоғалғаны туралы полицияға хабар берді. Ол жұбайы Ербол Кәкімовты үйден кететіндей ештеңе болмады деп отыр.
«Күйеуім ешкіммен жанжалдасқан жоқ. Ішімдік те ішпеді. Өзіне қол жұмсайтындай ештеңе жасаған жоқ»,-дейді жұбайы.
«Іздеудегі дәрігер әйелімен жанжалдасып кетіп қалуы да мүмкін. Болмаса материалдық қиындықтарға тап болып, содан қашып жүр немесе үйдегі ұрыс-керістен шаршап өзіне қол жұмсамақ болған»,- дейді Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстық полиция бөлімінің аға тергеушісі Алмат Досов.
Дәрігер Ербол Кәкімовты туыстары, полиция, сондай-ақ еріктілер іздестіруде. Әріптестері мен пациенттер де дәрігерді жақын арада оралады деп үміттенеді.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте күтушісі жалғызбасты зейнеткердің пәтерін тартып алды
Сене алар емеспін: Ресейлік әйел Оралдағы көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
Сол қолымды сезбеймін: Атыраулық Әнел отадан кейінгі жағдайы туралы айтты (фото)