Қостанайда жігітті әскери комиссариатқа күштеп әкеткендерге қатысты полиция тергеу бастады

Қостанайда жігітті әскери комиссариатқа күштеп алып кетпек болған. Полиция аталған іске қатысты тексеріс бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, 6 маусым күні сағат 22:00 шамасында жұмысынан шыққан жігіткен азаматтық киімдегі үш адам жақындаған.
"Олар өздерін таныстырмай, жігітті ұстап әкетпек болды. Біздің қызметкерлерді итеріп жіберіп, балағат сөздер айтты. Біздің заңгерді күтпей, күшпен ұстап, алып кетті", – дейді куәгер.
Қостанай облысы полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.
“Қызметтік тергеу тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Екібастұзда әскерге шақырылған жігітті көлікке күштеп отырғызып алып кеткені туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан