Қостанайда йогурттан уланған 2 жасар қыз көз жұмды
Қостанайда балалардың жеңсік асына айналған йогурттан уланған 2 жастағы қыз көз жұмды.
Бұл туралы kstnews.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде хабар таратқан қыздың айтуынша, екі жасар қыз оның көршісі екен. Оның анасы супермаркеттердің бірінен йогурт және сүзбе сатып алады. Оны жегеннен кейін қыздың жағдайы нашарлай бастаған.
“Мұның бәрі бір апта бұрын болды. Оны ұшақ арқылы Астанаға жеткізген. Өкінішке қарай ол ұшақта қайтыс болыпты. Бір қызығы анасы сатып алғанын ұмытып қалыпты. Чекті де лақтыра салған. Қолында екінші сәбиі бар. Қазір енді жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Бір аптаның ішінде қыздың бүйрегі, бауыры және жүрегі істен шыққан. Достар, өз балаларыңызға тексерілмеген өнімдерді бермеңіздер”, – дейді қыз.
Қалалық аурухана баланың уланғаны туралы хабарды растағанымен, бала мен оның отбасына қатысты өзге ақпарат беруден бас тартты.
Оқи отырыңыз:
Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған
Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді
Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)
Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)