Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костанайда Ұлы Отан соғысының ардагері өзінің 100 жасын атап өтті

Фото: "Наш Костанай"

Костанайда Ұлы Отан соғысының ардагері Дильдабек Нурушев өзінің 100 жасын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оны қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтаған.

Дильдабек Нурушев 1926 жылдың 10 қаңтарында Меңдіқара ауданының Тарасовка ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол тек 15 жаста болған. Ол бірден майданға барғысы келген, бірақ жасы сәйкес келмеген. 18 жасында оған әскерге шақырту келген. Кейін жас сарбаз Чебаркульде әскери дайындықтан өтіп, майданға жіберілген.

"Дильдабек Сансыбаевич Одер өзеніндегі шайқастарға қатысты. Кенигсберг қаласында оған Жеңістің хабарын жеткізді. Демобилизация басталғанда Дильдабекті Польшаға жіберді. Ол жерде 1950 жылға дейін қызмет етті", – делінген материалда.



Демобилизациядан кейін ол өндірісте жұмыс істеп, отбасы құрған. Бес баланы тәрбиелеп өсірді және әрқайсына өмірде жол табуға көмектесті. Бүгінде, немере сүйіп отырған ардагер ешқашан соғыс болмауын армандайды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Татьяна Искандирова басылымға айтқандай, ардагер қонақтарды үйінде қарсы алған. Қонақтар оған шын жүректен денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

STAN.KZ
Жексенбі, 11 Қаңтар, 2026 10:27