Қостанайда түзету орталығындағы тәрбиешілердің балаларды ұрғаны видеоға түсіп қалды
Видеодан скриншот
Қостанайдағы балалар түзеу орталығында тәрбиешілердің қорлық жасап жатқаны видеосы түсіп қалды. Полиция қылмыстық іс қозғап, мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірнеше тәрбиеші балаларға қастық жасап жатқанын ата-аналар бейнебақылау камерасынан көрген. Кадрларда балаларды ұрып, мәжбүрлеп ұйықтатып жатқаны байқалады
Ол балалардың бірі басынан жарақат алып ауруханаға түскенде белгілі болды. Камералардан бейнежазбаны көрген ата-аналар балаларды үш-төрт сағат ұйықтауға мәжбүрлеп, нашар тамақтандырып, сабақ орнына мультфильм көруге рұқсат бергенін білді.
Астанадағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі балаларды жарты жыл бойы ұрып келген
Шымкентте жекеменшік балабақшада күтуші баланы тепкілеп, бетінен сызғышпен ұрған
“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын объективті, жан-жақты және толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тиісті хабарламалар білім бөліміне шара қолдану үшін жолданды”, – деді Қостанай облысы ІІД тергеу басқармасының тергеушісі Әлішер Күшекбаев.

"Бөксемнен ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
