Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел қылмыстық іс қозғалса да жалған туристік жолдамаларды сатып келген

Фото: Istock.com

Қостанайда бірнеше адамға жалған туристік жолдама сатқан адам сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай қаласының №2 сотында алаяқтық, яғни екі және одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет ұрлағаны үшін В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

“2024 жылы ақпаннан 2025 жылы қаңтарға дейінгі кезеңде сотталушы туристік жолдамаларды сататын жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп, ірі мөлшерде ақша ұрлаған. Жыл бойы сотталушының қолынан 70 жәбірленуші зардап шекті, оларға жалпы сомасы 65 миллион теңгеден астам залал келтірілген”, – делінген хабарламада.


"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған


Сотта сотталушы В кінәсін мойындамады.

“Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіп дәрежесін ескере отырып, қылмыстық құқықбұзушылық ұзақ уақыт бойы жасалғанын және оған материалдық залал өтелмегенін ескерді. Сот В-ны туризм саласында 6 жылға қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – деп мәлімдеді сот.

Алайда ол рақымшылыққа ілігіп, бас бостандығынан айыру мерзімінің бестен бір бөлігі қысқарып, 4 жыл 9 ай 18 күн бас бостандығынан айыру жазасы айқындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 09:22
Талқылау