Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейіңе кет": Қостанайда такси жүргізушісін балағаттап, ұлтаралық араздықты қоздырған әйелге үкім шықты

Такси жүргізушісіне тіл тигізіп, ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған Құндызай Кенжетаеваға сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

6 ақпанда ерлі-зайыпты қонақтан үйіне қайту үшін такси шақырады. Мас жолаушылар мен такси жүргізушінің арасында дау туып, арты қақтығысқа ұласқан. Жүргізуші өзіне былапыт сөздерді жаудырған ерлі-зайыптыны видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.

42 жастағы Құндызай Кенжетаева таксист Дмитрий Галкинге айтқан “Сен орыссың, өзіңнің Ресейіңе кет, орыс, м*л, о*****н. Еркек емессің, жолда өлесің” деген сөздері үшін сотталды.

Полиция болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күні кеше сот айыпталушыға қатысты үкім шығарды. 

“Құндызай Кенжетаева қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігіне (Ұлтаралық араздықты қоздыру) сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп жазды Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында.



Сотталушының кішкентай балаларының болуына байланысты ол жазасын 4 жылдан кейін өтейді. 

Еске салайық, ақпан айында

ішімдікке тойып алған ерлі-зайыпты такси жүргізушісін балағаттап, оған тіл тигізген еді. Оның арты төбелеске ұласты. Жүргізуші айыпталушыдан 300 мың теңге өтемақы өндіргенімен, әйелдің 4 баласы барын білгенде оны аяп, арызын қайтарып алған. 

 

Талқылау