Қостанайда сот дәрігерге шабуыл жасаған ер адамның жазасын өзгеріссіз қалдырды
Фото: instagram.com/@vrachi_kostanay
Қостанайда апелляциялық сот науқасының шабуылына ұшыраған хирург Антон Кистановтың күдіктінің жазасын қатаңдату туралы арызын қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сотының мәліметінше, биылғы жылдың шілде айында сотталушы қабылдау кезінде уролог-дәрігермен жанжалдасып, әдейі жәбірленушінің ауыз тұсына оң қолымен жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан жәбірленуші қабырғаға желкесімен соғылған. Осылайша сотталушы өз әрекеттерімен уролог-дәрігердің денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген.
Нәтижесінде сот айыпталушыны алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Алайда дәрігер соттың қылмыскерге тағайындаған жазасын тым жеңіл жаза деп есептеп, сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді.
Дәрігерлерге қол көтеріп, тіл тигізгендерге жаза қатаңдатылады: Заң мәжіліске жіберілді
Апелляциялық сот айыпталушыға берілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.
“Жазаны анықтау кезінде сот ауырлататын мән-жайлар болмаған және жасалған қылмыстың құрамында көрсетілмеген жеңілдететін мән-жай болған жағдайда, кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін негізгі жаза мерзімі немесе мөлшері оның жартысынан аспауға тиіс екенін ескерген. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісіп, оны өзгеріссіз қалдырды”, – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге шабуыл жасағанын жазған едік. Науқастың шабуылынан есінен танып қалған Антон Кистанов кейіннен комаға түсті. Ауыр жарақат алған дәрігер санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілген еді.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді