Қостанайда полицейлер жас сәбилі келіншекті ұрып-соғып, кейіннен оған пара ұсынған
Қостанай облысында адамды азаптауға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро департаменті Рудный аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі Қарабалық аудандық ІІБ басшысының бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов.
Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Іекі айыпталушы 20 жастағы әйелге пара ұсынған. Олар 100 мың теңге пара ұсына отырып, жәбірленушінің соттағы түсініктемесін өзгертуін сұраған.
Бұған дейін Қарабалық ауданында екі полиция қызметкері емізулі баласы бар әйелді ұрып-соғып, азаптағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың бірі үш жарым жылға, бірі үш жарым жылға бас бостандығынан айырылып, құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығын үш жылға шектелді. Екі сотталушы да полиция аға лейтенанты жән полиция майоры атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Жіберіп алмаңыз:
Павлодарда келінін балағаттаған қайын ата темір тордан бір-ақ шықты
Қазақстандықтар Мәскеуде құлдыққа қалай тап болады
Жамбыл облысының тұрғыны дәрігер салған екпеден соң белінен төмен сал болып қалғанын айтады